12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанда сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментіне жеңілдіктер мен арнайы бағалар ұсынатын Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда.
Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қосылды. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісі қатысуда. Екі акция да еліміздің барлық өңірін қамтиды.
Акциялар аясында тауарлардың әртүрлі санаттарына арнайы ұсыныстар қарастырылған. Жеңілдіктер мөлшері мен акцияларға қатысу шарттары нақты тауар түрлері мен сауда нысандарына байланысты. Жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынылады.
Екі акция ішкі сауданың әртүрлі форматтарын қамтиды. Republic Day - сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда орталықтары мен сауда үйлеріне бағытталса, Bereke Fest акциясы сауда желілерін қамтиды. Мұндай тәсіл мерекелік науқанның ауқымын кеңейтіп, кәсіпкерлердің акцияларға қатысуына қосымша мүмкіндік береді.
Акцияларға қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен мекенжайлары өңір әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Республикалық акциялар 2026 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер