13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асып жатқанын оқырман жақсы біледі. Осы байқауға Талдықорған қаласының тұрғыны Рената Евсеева да атсалысып, өзінің пікірлерімен бөлісті.
«Алдағы ел Президентінің сайлауы – бұл ірі саяси оқиға ғана емес, бұл әр қазақстандыққа республиканың болашақта дамуына өз үлесін қосуға берілетін мүмкіндік. Сондықтан «Сенің дауысың – сенің болашағың!» ұранын дұрыс түсіну қажет. Отанға деген махаббат ел мүддесін өзіңдікінен жоғары қою, яғни өз елің үшін қолдан келгеннің барлығын жасау деген сөз. Бұның барлығы мені аталмыш байқауға қатысуға итермеледі», – дейді Рената.
Оның айтуынша, жұмыс идеясы Наурыз мерекесін тойлау кезінде келді.
«Сол күні әкем екеуміз саябақта серуендеп жүрдік. Мен демалыс орнында ойнап жүрген балалар мен олардың жанында жүрген бақытты ата-аналарды көзім шалды. Сол кезде мен береке, бақыт, бейбітшілік, тыныштық пен амандықтың қадірін түсіндім», - дейді Р.Евсеева.
Осы көріністен кейін Рената алған әсерін бейнелеуді шешті. Суретте көк аспан, таулар, ортасында көк шөптің үстінде үш қыз - түрлі ұлт өкілдері бейнеленген. Суретшінің айтуынша, бұл Батыс, Шығыс пен Қазақстанның үш символикалық бейнесі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда басталған постерлер байқауы 20 сәуірге дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.
Аталған жобаға отандық шоу-бизнес жұлдыздары да қолдау көрсетті, олардың қатарында Нұрлан Албан, Мұрат Мұтырғанов, Әли Оқапов, «Ringo» тобы, Сабина Алтынбекова, Мақпал Исабекова бар. Олар барша қазақстандықты үздік постер авторларын таңдауға қатысуға шақырды.
Байқау «Sailau2015.el.kz» арнайы платформасы аясында «El.kz» әлеуметтік желісі алаңында өтіп жатыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды