Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАуыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың сөзінше, 2022 жыл жақсы нәтижемен аяқталып, соңғы 10 жылда рекордтық өнім жиналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда қамбаға 22 миллион тонна астық және бұршақты дақыл, соның ішінде 16,4 миллион бидай жиналған.
«Статистика мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурызына бидайдың оң балансы 10,4 миллион тоннаны құрайды. Бидайдың осы көлемі еліміздің ішкі нарығының қажеттіліктеріне және белгілі көлемде экспортқа шығаруға толығымен жеткілікті», - деді ол.
Соңғы жылдары қазақстандық бидай нарығы «сұр» импорт заңсыз әкелуден зардап шегуде.
«Әкелген бидайдың транзиттік тарифі төленбей, жасырын экспорт түрінде Орта Азия елдеріне және Ауғанстанға жолданады. «Сұр» импорттың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаны құрайды. Ал мемлекетке келетін жалпы зиян сараптамалар бойынша жылына 500 миллион АҚШ долларға бағаланған», - деді Ербол Қуанышұлы.
Жоғарыда айтылған ақпараттың негізінде және бірнеше салалық одақтар мен қауымдастықтардың министрлікке келіп түскен өтініштері бойынша бұл сұрақ ведомствоаралық деңгейден жан-жақты қарастырылып, 10 сәуірден бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен мерзімі 6 айға дейін Қазақстан Республикасына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады