Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда денесінің 94%-ын күйік шалған науқас дәрігерлердің арқасында жазылып шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, денесін 94% күйік шалған ер адам Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.
Реанимация бөлімшесіне шұғыл түрде емдеуге жатқызылды, реаниматологтар Антонға 20 күн күтім жасап, қарады.
Ол 53 күннен кейін өзі жүріп үйіне оралды.
Төтенше жағдай 30 наурызда болды, менің автокөлігімнің аккумуляторы отырып қалды, мен аккумуляторды тұтатқан сәтте от шашырап, үстімдегі киімдерімнің барлығы дерлік жанып кетті. Бұл жан түршігерлік күйіктер болды, қатты ауырсынуға, операцияға төзуге тура келді. Екі айға жуық уақыт бойы дәрігерлер мен үшін күресті, ал бүгін мен қалыпты жағдайға оралдым – мен өзім жүре аламын, өзіме өзім күтім жасай аламын, - дейді Антон.
Бір айдан астам уақыт бойы ол бейінді күйік бөлімшесінде болды, күйік хирургтары операция : бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия жасады. Басқаша айтқанда - күйген теріні алып тастап, зақымданбаған теріні ауыстырып қондырды.
Мен мұны ерекше жағдай деп атайтын едім - 94% I-II-ІІІа-ІІІб дәрежелі бастың, беттің, мойынның, дененің, аяқ-қолдарымның термиялық жалын күйігі. Қазіргі уақытта пациенттің күйік ауруы қалпына келу сатысында, - деді Алматының төртінші қалалық ауруханасының комбустиолог дәрігері Диас Дәулетбеков.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?