Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ референдум өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, дауыс беру күні жалпы 2 бұзушылық анықталды. Бұл заңсыз сауал мен заңсыз үгіт жүргізуге қатысты. Барлық жағдайда азаматтар өз кінәларын мойындады, оларға әкімшілік айыппұлдар салынды.
Осы сағатта прокуратура органдарына 3 өтініш түсті. Жолданымдарда азаматтар дауыс беру процесі мен учаскелік референдум комиссияларының атауларын қозғаған. Осыған байланысты прокурорлар барлық жолданымдарды құзыреті бойынша аумақтық референдум комиссияларына жолдады. Сот орындарына талап-арыздар түспеген, - деді Б. Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде.
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Ішкі істер органдары қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шыққанын атап өтуге болады. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ байқаушылардың қауіпсіз жұмысы және азаматтардың референдумға еркін қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Референдумның 10 мың учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Қазіргі уақытта дауыстарды санау жалғасуда, референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты, - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Оның айтуынша, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері аумақтық референдум комиссияларына бюллетеньдер мен хаттамаларды жеткізуді сүйемелдейді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес