29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес, ұйымдардың, ардагерлер қоғамдастығының, түрлі қауымдастықтар мен саяси партиялардың белсенді өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.
Қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Азаматтық белсенділер өз сөздерінде Референдумды қоғамдық қолдау републикалық штабының құрылғанын жариялады.
Брифингке қатысушылар ұсынылған конституциялық реформалардың қабылдануымен елдегі саяси плюрализм мен бәсекеге қабілеттті демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатынына сенімді екендіктерін атап өтті. Осыған байланысты Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады.
Жұмыс еліміздің барлық өңірлеріндегі әртүрлі атаулы топтармен жұмыс жүргізілетін болады. Бұл үшін Республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек