Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болмауы үшін осынау маңызды мәселе бойынша өзінің пікірі мен көзқарасын білдіріп, таңдауын жасауды азаматтық борышы деп есептейтінін айтады.
Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Таңертеңнен Шымкент қаласы Қайтпас шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтиын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін, - деді Мұхтархан Қабланбекұлы.
Айта кетейік, Мұхтархан Ділдәбеков – Шымкент қаласындағы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар