Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондарУЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің төртінші турында мадридтік «Реал» сырт алаңда грекиялық АЕК командасын жеңсе, ағылшындық «Ливерпуль» Түркияның «Фенербахче» клубына жол берді.
АЕК пен «Реал» арасындағы кездесу Афиныдағы «ОПАП Арена» стадионында өтіп, 3:2 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды.
Матчтың 12-минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Абубакари Койта есеп ашты. Алайда 32-минутта ағылшындық жартылай қорғаушы Джуд Беллингем таразы басын теңестірді.
Екінші таймда да тартысты ойын жалғасты. 75-минутта АЕК қорғаушысы Ставрос Пилиос командасын қайтадан алға шығарды. Бірақ араға үш минут салып, француз шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді.
Кездесудің тағдыры негізгі уақытқа қосылған минуттарда шешілді. 90+2-минутта уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальверде жеңіс голын соғып, «Реалға» үш ұпай сыйлады.
Матч аяқталғаннан кейін Абубакари Койта бас төрешіге қатысты агрессивті әрекеті үшін қызыл қағаз алды.
Осылайша, «Реал» Чемпиондар лигасында қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, 12 ұпай жинады. Мадридтік клуб француздық «ПСЖ» командасымен ұпай саны бойынша теңесті.
Ал ағылшындық «Ливерпуль» биылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Мерсисайдтық клуб сырт алаңда түркиялық «Фенербахчеге» 2:3 есебімен есе жіберді.
Стамбұлдағы «Фенербахче Шюкрю Сараджоғлу» стадионында өткен кездесуде есепті 25-минутта «Ливерпуль» ойыншысы Трейморис Ньони ашты. Алайда төрт минуттан кейін Мейсон Гринвуд таразы басын теңестірді.
Екінші таймда алаң иелері басымдыққа ие болды. 73-минутта Арчи Браун «Фенербахчені» алға шығарса, 79-минутта Ведат Мурики есеп айырмасын ұлғайтты. Ал «Ливерпуль» сапынан Александер Исак 69-минутта гол соқты.
Төрт турдан кейін «Ливерпуль» тоғыз ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында тұр. Ал бес ұпай жинаған «Фенербахче» 19-сатыға көтерілді.
Осылайша, төртінші турдың қорытындысы бойынша «Реал» жеңісті жолын жалғастырса, «Ливерпуль» маусымдағы алғашқы жеңілісіне тап болды.
Бұған дейін «Барселона» мен ПСЖ қарсыластарын тас-талқан еткен еді.
Бүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары