6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФутболдан Испания чемпионатының 11-турында Мадридте «Реал» мен «Барселона» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матч алдында алаң иелері фаворит саналған. Десе де каталондықтар бірінші таймнан тізгінді өз қолына алып, чемпионаттағы басты қарсыласын тас-талқан етіп ұтты.
Бірінші таймда командалар алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, жанкүйерлер соғылған гол көрмеді. Есесіне екінші таймда «Барселона» «Реал» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. 54-минутта Роберт Левандовский қонақтарды алға шығарса, араға небәрі екі минут салып ол есепті еселеді. Ал 78-минутта «Барселонаның» ең жас ойыншыларының бірі Ламин Ямаль Лунин күзеткен қақпаға үшінші голды соқты. Бразилиялық Рафинья 84-минутта матчтағы соңғы нүктені қойды.
11 ойыннан кейін «Барселона» 30 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді. «Реал» 24 ұпаймен екінші орында тұр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі