Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМадридтік «Реал» футбол клубының ойыншылары Алматыға ұшып келді. Шетелдік футболшылар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайрат» командасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Желіде тараған ақпаратқа сенсек, «Реал» футболшылары ұшып келген ұшақты 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған. Бұл Flight Radar сервисіндегі ең танымал рейс болды. Ал әуежайда шетелдік спорт жұлдыздарын мыңдаған адам күтіп тұрды. Алайда футболшылар жанкүйерлеріне шыққан жоқ, олар автобусқа отырып, қонақүйге жол тартқан.
Клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында футболшылардың ұшақтан түскен сәтінің видеосы мен Алматы әуежайындағы суреттері жарияланды. Онда "Біз Алматыдамыз" деп жазылған.
Еске салсақ, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда тарихи матч өтеді. Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридпен» кездеседі.
Бұған дейін «Реал Мадрид» футбол клубы Қазақстанға келетін футболшылар құрамын жариялаған болатын.
«Реалдың» құрамы келесідей:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Белгілі болғандай, клуб Қазақстанға негізгі құраммен келіп отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?