13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз алған Рим папасы шынайы адам үшін ең басты бостандық – діни бостандық екендігін атап өтті, деп хабарлайды El.kz.
«Жаратылушының алдында біз жаратылған мәңгілік емес адамдармыз. Дін қазіргі заманның қоғамына жетелейді. Экономикалық дағдарыстарды шешуге ықпал етеді. Әрбір адамның жүрегінде бейбіт өмірге деген сұраныс болу керек. Шынайы адам үшін ең басты бостандық – діни бостандық. Адамдардың рухы өзінің рухын жария түрде көрсету. Кешегіні идеологияға алып келмеу. Бұдан алшақ болуға ұмтылуымыз қажет. Әрбір адамның мінез-құлқына ден қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға бейім», - деді Рим папасы.
Сондай-ақ съезде дінге бейтарап қарамауға, бауыр, апа-қарындастарға адамның негізгі сипаты осалдығы екендігін түсіндіруге, қаржы табудың құрбаны болмауға, өзімізді жансыз тіршілік иесіне айналдырмау қажеттігін тілге тиек етті.
Рим папасы ұлы ақын Абайдың сөзін мысалға келтіре отырып, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақырды.
«Абай айтқандай біз мәңгілік емеспіз. Зардап шеккендерге көмектесуге мән беруге, теңсіздікпен күресуге тиістіміз. Құлшылық тұрғысынан басқа осал топтарға, кедейлерге, зардап шегіп жатқандарға көмектесу керек. Сезімтал болу ғана емес, бізге жөнге келудің бір жөні. Бүгінгі күннің ең басты қауып-қатері кедейлік. Абай мұны даналықпен байқай алған. Ұлы ақын өзінің жеке рухының арқасында ашық сананы сақтай алды. Әділетсіздік орын алып тұрған кезде сенімге оралу қиындау. Осының салдарынан пандемия, зорлық-зомбылық орын алуда», - деді ол.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды