6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ хандығының 550 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Райымбек! Райымбек!» қойылымының премьерасы өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру» міндетін қойды.
Елбасының алға қойған бұл мақсат-міндетін жүзеге асыруға театр жан-жақты атсалысып келеді.
АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, театрымыздың артистер тобы жас буын өкілдермен толығуда. «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы дүйім жұртқа етене таныс Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергендерді жаңа маусымда қойылымдардан көретін боласыздар.
Театрымыз мерейтойлық 70-ші маусымының ашылуына 2 бірдей Премьераны көрермен назарына ұсынбақ. Осыған орай, театрдың үстіміздегі жылдың жетістіктері және алдағы 70 жылдық мерейтойымыздың қарсаңындағы атқарылатын жоспарлар жайында театр директоры – Сәбит Әбдіқалықов, көркемдік жетекші – Мұрат Ахманов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан, театр артистері Роза Әшірбекова, Лидия Кәден, Еркін Әбдірешовтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді.
Әзірлеген: Досжан Мейірім
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі