23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы мүфти шейх Равиль Гайнутдинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ресми сайтында жарияланды.
Тараптар дінаралық диалогты дамытудағы өзара іс-қимылды талқылап, Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.
Кездесу барысында дінтану және рухани-ағартушылық қызмет саласында кадрлар даярлаудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, жас ұрпақтың құқықтық санасының қалыптасуына ықпал ететін ксенофобия, ұлтшылдық және экстремизм көріністерінің таралуына кедергі болатын дәстүрлі рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Равиль Гайнутдин қыркүйек айының ортасында Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растап, форумды бірде-бір рет өткізіп алмағанын еске салды. Жиырма жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараны жоғары бағалап, түрлі конфессия өкілдеріне қазіргі заманның жаһандық мәселелерін талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаң қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір, пандемиядан кейінгі кезеңде саяси басшылыққа қоғамның қай бағытта дамуы керектігін айта алатын діни көшбасшылардың рөлі бірінші орында.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады