30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылғаннан кейін алғаш рет төркініне барып, ағайын-туыстарымен жүздесті. Бұл әсерлі сәттің бейнежазбасын ол Instagram парақшасында жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туғандары қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, құшақ жая қауышқаны көрінеді. Желідегі жұрт «Қыздың төркінге оралуы – ананың ең үлкен арманы», «Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қандай тамаша» деген сынды жылы пікірлер қалдырды.
Көпшіліктің жүрегін елжіреткен сәттердің бірі – туыстарының Раушанға арнап «Раушан гүлім» әнін орындауы болды. Бұл тосын сый көп жанды тебірентіп, бейнежазба астында мыңдаған жылы пікір жинады.
Айта кетейік, Раушан Құдайберген жуырда ұзатылып, тұрмысқа шыққан болатын. Оның тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ел назарын өзіне аударған еді.
Қазір желі қолданушылары жас келіннің жаңа өміріндегі жаңалықтарды қызыға бақылап отыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды