22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рақымжан Қошқарбаев әскер қатарына 1942 жылы алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Майдан даласына да осы жылы аттанған. Батыр майданда алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.
Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде Григорий ту барынша жоғары желбіресін деп Рақымжанды иығына салып көтеріпті. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк Таймс» газеті де жазған.
Рақымжан Қошқарбаев соғыстан кейін шығармашылықпен айналыса бастады. Оның екі кітабы жарыққа шыққан. Атап айтқанда, «Жеңіс туы» және «Дауыл: 1410 күн» деректі повесі.
Батырға 1999 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев