23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында рақымшылықпен босаған азаматтардың мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына жұмысқа тұра алмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қолданыстағы заңға сәйкес мемлекттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды. Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады», - деген Бас прокуордың орынбасары рақымшылыққа іліну мен ақталып шығу екі бөлек ұғым екенін еске салды.
«Рақымшылық жасаған адамдар ақталған деп саналмайды. Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ», - деді Әсет Шындалиев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады