Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордалық спортшылар нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, астаналық спортшылар аналарына алғыс білдірген құттықтауларын видеоға түсірді.
Ана – әрбіріміздің өміріміздегі алғашқы және ең маңызды тәлімгер. Оның сүйіспеншілігі, қамқорлығы және қолдауы әрқашан сезіліп, қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, бізді алға жетелейді, - деді спортшылар анасына.
Олар барлығын #Рақметана #СпасибоМаме челленджіне қосылуға шақырды.
Челленджді қолдағандардың қатарында бокстан халықаралық турнирлердің чемпионы Әли Тоқтаров, кикбоксингтен спорт шебері Данияр Шымыров, қазақ күресінен спорт шебері Айбат Сейтен, дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ермұхан Естай, көркем жүзуден спортшы Эдуард Ким, сол сияқты хоккейшілер, тай боксшылары мен өзге де спортшылар бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді