6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШешен Республикасы басшысының ұлы — 17 жастағы Адам Қадыров үйленді. Үйлену тойы Қадыровтар әулетінің мекені саналатын Ахмат-Юрт ауылында (бұрынғы Центорой) өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Келіні — Ресей мемлекеттік Думасының депутаты, Рамзан Қадыровтың ең жақын серіктерінің бірі саналатын Адам Делимхановтың немересі. Адам Қадыровтың әпкесі Айшат Қадырова келіннің есімі Медни екенін хабарлады. Медни де Ахмат-Юрт ауылынан шыққан.
Салтанатты шара кезінде республикада жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кортежді сүйемелдеу үшін Шешенстанның барлық аймақтарынан жол-патруль қызметкерлері жұмылдырылды.
Адам Қадыровтың үйленгенін оның әкесі — Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров растады. Ол бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, ұлының үйленуіне байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің жеке құттықтауы үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін Қадыровтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы жазған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі