Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыОралда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ерекше форматтағы патриоттық акция ұйымдастырылды. Аталған шараны «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырып, қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздер тақырыбына тартып, өзгеше үлгідегі байланыс орната білді.
Акция барысында еріктілер қала тұрғындарына мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы мен мағынасына қатысты сұрақтар қойды. Көптеген қатысушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты.
Сауалдарға дұрыс жауап бергендерге патриоттық мазмұндағы естелік сыйлықтар — блокноттар, төсбелгілер, шағын тулар мен басқа да кәдесыйлар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты — жастар мен қала тұрғындары арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік рухты қалыптастыру, елге деген мақтаныш пен құрмет сезімін арттыруға бағытталған.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады