Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚТЖ пойыздарының жолсеріктері оразаның алғашқы күнінде ауыз бекіткен жолаушыларға құрма мен су таратты. Қасиетті Рамазан айына байланысты жолаушылар пойыздарындағы вагон-мейрамханалар жаңа жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында жолсеріктер жолаушыларды жылы қарсы алып, оларға құрма мен су таратты. Бұл акция «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарында өткізілді.
ҚТЖ баспасөз қызметі Рамазан айында пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне ауысқанын мәлімдеді. Вагон-мейрамханалар күнделікті 8:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, ал ораза тұтқан жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар сәресі уақытында таңғы сағат 03:30-дан 05:00-ге дейін ашық болады. Жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі.
Ұлттық тасымалдаушы Рамазан айында жолаушыларға бір-біріне түсіністікпен қарап, ашуланбауды, отырған орында тазалықты сақтауды, сондай-ақ, денсаулыққа мұқият қарауды ұсынады. Ораза ұстаған жандарға саяхат кезінде әлсіздік сезінбеу үшін сапар алдында дәрігерге қарануға кеңес беріледі делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары