6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық аса жеңіл салмақта бірден жеті сатыға жоғарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
UFC кезекті турнирден соң барлық салмақ дәрежесінде рейтингті жаңартты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев аса жеңіл салмақ дәрежесінде 14-орыннан 7-орынға бір-ақ көтерілді. Естеріңізде болса, қазақстандық спортшы демалыс күні Лас-Вегаста өткен Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен кездескен. Жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын және төрешілердің ортақ шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды. Ал қазақстандықтың қарсыласы жетінші орыннан оныншы орынға түсті.
Асу Алмабаев UFC-де төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Николауды ұтқан соң Алмабаев UFC президенті Дана Уайттан титулдық жекпе-жек сұрады. Бұл дивизионда белбеуге бразилиялық Алешандре Пантожа иелік етеді.
Алмабаев UFC рейтингінде үздік ондыққа енген Шавкат Рахмоновтан кейін екінші қазақстандық спортшы.
Айта кетейік, Шавкат 8 желтоқсанда жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа таласады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі