Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсШығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 437–450 шақырым аралығындағы жаңартылған учаскесі пайдалануға берілді.
Жолдың ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Бұл жоба ең алдымен өңір тұрғындары үшін маңызды. Жаңартылған учаске жол бойындағы елді мекендер арасында қауіпсіз әрі жайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл бағыт Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнарына баратын туристер үшін де маңызды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Жаңартылған жол учаскесі көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады. Оның сапалы болуы елді мекендер арасындағы байланысты жақсартып қана қоймай, Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнары сияқты туристік нысандардың қолжетімділігін арттырады.
Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуда көлік инфрақұрылымының сапасы ерекше маңызға ие. Өңірдің табиғи көрікті жерлеріне келушілер санының артуы жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды да күшейтіп отыр.
Облыс әкімі жолды жаңғыртумен қатар, оны алдағы уақытта тиісті деңгейде күтіп ұстау және сапасын ұзақ жылдар бойы сақтау маңызды екенін атап өтті.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды