Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліИспаниялық теннисші Рафаэль Надаль ресми түрде тенниспен қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рафаэль өзінің соңғы турнирінде құрама сапында Дэвис кубогын иелене алмады.
Бұл күндері Дэвис кубогы Испанияның Малага қаласында өтіп жатыр. Корт иелері мықты құрамды шығарғанымен, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған ойында Нидерландқа есе жіберді – 1:2. Шешуші кездесу жұптық сында өтті. Жекелей сында Карлос Алькарас Таллон Грикспурлы жеңсе, Рафаэль Надаль Ботик Ван Де Зандшульпке есе жіберді.
Ботикпен матч Надальдің карьерасындағы соңғы ойын болды. 38 жастағы теннисші – Үлкен дулыға турнирлерінің 22 дүркін чемпионы.
Турда жергеніне 23 жыл;
Жекелей сында 92 титул;
Үлкен дулыға турниріндегі 22 жеңіс;
Ролан Гарростағы (рекорд) 14 жеңіс;
36 мастерс;
Олимпиада-2008 (жекелей сында) және Олимпиада-2016-да (жұптық сын) чемпиондық атақ;
Бес рет маусымды АТР рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтаған.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс