6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИспаниялық теннисші Рафаэль Надаль спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 2024 жылы қарашада өтетін Дэвис кубогынан соң тенниспен қош айтыспақ.
Үлкен дулығаның 22 дүркін чемпионы Надаль бұған дейін де карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірген. Ол «Ролан Гаррос» алдында бұл турнир өзінің карьерасындағы соңғысы болуы мүмкін екенін де алға тартқан.
Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 38 жастағы испаниялық 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, «Ролан Гарросты» 14 рет жеңген. Одан қалды екі рет Олимпиада ойындарында топ жарды. Теннисші карьерасында жекелей сында 92 титул ұтып алған, соның ішінде 36-сы «Мастерс» сериясына тиесілі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі