6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұрметті достар! Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерейтойына орай сайтымызда арнайы тест сұрақтары іске қосылды. Тестке қатысып, Конституцияны қаншалықты білетініңізді сынап көріңіз.
Тест қалай жұмыс істейді?
Тест сұрақтарына жауап беру үшін сайтқа тіркелу міндетті емес. Барлық қатысушының қанша сұраққа жауап бергені туралы нәтижені көрсетеміз. Алайда, біз үздіктерді анықтау барысында сайтымызға тіркелген қолданушылардың жауабын ғана мақұлдаймыз. Сіз әр кірген сайын 25 сұрақтан тұратын тест сұрақтары жаңарып отырады. Сіз барлық сұраққа жауап бергеннен кейін «аяқтау» дейтін ең төменде орналасқан оң жақтағы тетікті басасыз. Сол сәтте сіздің қанша сұраққа дәл жауап бергеніңіз пайыздық көрсеткішпен есептелінеді. Сіздің жауаптарыңыз базада сақталып, арнайы байқау кестесіне шығып отырады. Нәтижесі онлайн режимде жаңарып отырады.
Жеңімпаздарды марапаттау!
Әр айдың соңында тест сұрақтарына жауап беруден мейлінше көп ұпай жинаған жанның есімін Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ең жақсы білетін жеңімпаз ретінде жариялап отырамыз. Әр айдың басында тест сұрақтары жаңарып отырады. Тест байқауы 2015 жылдың соңына дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі