Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек«Қазақстан бокс федерациясы В.Левитті жүлдесімен құттықтайды. Оның Риодағы ойыны әлемдегі беделді бокс сарапшыларының оң бағасына ие болды. Ол жанкүйерлердің қолдауына лайық еңбек сіңірді, ел үмітін ақтады. Біз халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі болғандықтан AIBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) ережесін сақтауға тиіспіз және Қазақстан бокс федерациясы төрешілер шешімін құрметтейді» делінген баспасөз баянында.
Естеріңізге сала кетсек, Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко - алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алған болатын. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне келіспейтіндіктерін айтып, наразылық білдіруде.
Василий Левиттің бәсеке финалдағы шабуылға толы, әсерлі ойыны үшін мемлекет оған 150 мың АҚШ долларын тағайындады. Одан бөлек Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев 100 мың АҚШ долларын төлемек.
Фото: Данияр Майлыбаев
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес