1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада №70 мектеп-лицейдің алғашқы қоңырауына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
«Жаңа оқу жылының басталғанымен шын жүректен құттықтаймын. Әр ата-ананың арман-мақсаты - өз балаларының дұрыстап оқып, білімді болып, білім мен ғылымның арқасында елдің елеулі азаматтары болып, есімдері елге танылғаны. Мемлекетіміз, Елбасы барлық жағдай жасап жатыр. Әр ата-ананың осы арманы орындалсын! Сәт сапар тілеймін!» - деді министр оқушылар мен ата-аналарға тілеген ақжолтай тілегінде.
Айта кетейік, елімізде биыл 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Олардың 370 мыңы - алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.
Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоңырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыңғай «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өтеді.
Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны - 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 жаңа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 жаңа мектеп берілмек.
inform.kz
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?