12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікГидрометеорологиялық қамтамасыз ету ҚР Қарулы Күштерінде жедел ақпараттандырудың бір түрі болып табылады. Бұл мәліметтер әскери техниканы тиімді қолдану, әртүрлі іс-шараларды орындау үшін ауа райы жағдайын пайдалану үшін қажет.
Соңғы онжылдықта бірқатар қарулы шиеленістерде қаруланудың сапалы тұрғыдағы жаңа құралдары негізінде күресудің жаңа үлгілері іске асырылды. Оқшаулы соғыс пен қарулы жанжалдардың талдауы жоғары дәл қару мен орағытылған жауынгерлік іс-қимылдар дәуірінде қару-жарақ пен әскери техника үздіксіз жетілдіріліп тұратынын көрсетеді. Алайда, оларды қолданудың тиімділігі көбінесе гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Осыған орай, әскерлерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылық дәрежесі ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін нығайту мәселелері ең алдымен, жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Гидрометеоролог әскери қызметшілер Қарулы Күштері гидрометеорологиялық бөлімшелерінің жасақталуын бақылайды, метеорологиялық мәліметті жинайды, талдайды және әскерлерге таратады, авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыш жұмысты жүргізеді.
Әзірлеген Айша КЕРЕЙ
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер