Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылық өкілдері мен Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі барысында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов Қазақстан Әзірбайжан елінде барлық салада белсенді ынтымақтастық құруда деп мәлімдеді.
«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның батыс аймақтарында бизнестің түрлі секторының өкілдері бар. Негізінде бизнес ұлты көп шоғырланған жерде дамитыны анық. Бұл табиғи үдеріс – бірінің туысы, бірі кеңесшісі болады. Сондықтан оларға сол аймақтарда өз бизнестерін жүргізген тиімді. Қазіргі таңда экономикалық жағынан Түркістан облысы басты назарда, Түркістан қаласындағы біздің бизнес өкілдеріміз белсенді дамып, мүмкіндіктерді зерттеуде. Мемлекеттік инвесторларды тартатын жобаларға қатысады», – деді Елші.
Сонымен қатар ол ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының инвестицияларды тарту бойынша көмек көрсету ұсынысы бизнес өкілдері үшін қосымша жақсы мүмкіндік болып табылатынын атап өтті. Өз тарапынан инвесторлар Кәсіпкерлер қауымдастығына ұсына алатын барлық мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерттеп, ынтымақтастық құруды қарастырады.
Айта кетер жайт, ағымдағы жылдың желтоқсан айында ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжан тұңғыш сауда үйін ашпақ.
«Ақтауда логистикалық орталық құрылысын салдық. Ол екі ел арасында тауарды экспорттауда тиімді. Мұндай орталықты Нұр-Сұлтан, Алматы және т.б. қалаларда салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ ол үшін біз ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерттейміз. Біз жаңа тың ынтымақтастық құрылатынына сенеміз», – деп сөзін қорытындылады Р. Маммадов.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова