12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазіргі таңда тасқын кезінде бүлінген автомобиль жолдары мен көпірлер уақытша қалпына келтіріліп, көлік қатынасы реттелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктемгі тасқын кезінде Қызылқоға ауданы аумағындағы 245,4 шақырым болатын “Сағыз - Миялы - Қарабау” бағытындағы автомобиль жолының 2,5 шақырымы және осы жол бойында орналасқан көпірлерді тасқын су шайып кеткен болатын.
Сондай ақ, "Миялы-Қарабау" бағытындағы жолдың 750 метр аумағын су басып, Кенен көпірінің 15 метр бөлігі бұзылды. Тасқын су салдарынан Көздіғара көпірі де зақымданған еді.
Бүлінген нысандар жергілікті бюджет есебінен толықтай қайта қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, - делінген Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінде.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер