23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекет басшысынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжайық Тәжіге хат келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел Президенті хатында «Құрметті Ақжайық! Сенің жетістіктеріңе риза болдым. Еліміздің болашағы өзің сияқты белсенді әрі талапты жастардың қолында екені анық. Мемлекет өскелең ұрпақтың білім алуына барлық жағдайды жасап келеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көп оқып, тынбай іздену өте маңызды. Оқуды жақсы бітіріп, мықты маман болуыңа және ел игілігіне қызмет етуіңе тілектеспін!» делінген.
Ақордадан келген Президенттің хаты мен сыйлығын студентке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов тапсырды.
Айта кету керек, студент Ақжайық Тәжі Президенттің жастарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін хат жазған. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалар нәтижесінде Ақжайық Тәжі халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады