Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қызылорда облысында полицейлер суға батып бара жатқан жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ таратқан мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін түске дейін орын алған.
5 маусым 11:30 шамасында Жалағаш ауданы ПБж ергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты аралаған. Кенеттен көліктің алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұрайды. Ентіккен азамат Бұқарбай батыр елдімекеніне қарасты «Северный» каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтады. Осы сәтте полиция қызметкерлері жедел әрі үйлесімді әрекет жасады. Полицей Ержан Абдраманов тұңғиыққа бойлаған жігітті аман алып қаламын деп ойланбастан суға секірді. Суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жергілікті тұрғын канал жиегіне барып, күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткендігі анықталды. Ол Қызылорда қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті болып шықты.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары