29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылордада ТЖМ құтқарушылары арнайы шақыртумен көмекке келіп, мерейтойда күтпеген қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығында Әйтеке би көшесіндегі үйде тұратын 90 жасар әже өзінің туған күнің бірге тойлау үшін туыстарын күтіп отырған. Бірақ есікті ішінен жауып, өзі аша алмады. Туыстары пәтерге кіре алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына келген мамандар тез арада үш иінді баспалдақты орнатып, гидравликалық құралдың көмегімен екінші қабаттың терезесіндегі торды кесіп, пәтерге кірді. Есікті ашып, туыстарын кіргізді.
Әжей аталған жағдайдан зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар есікті ашуға көмектесіп қана қоймай, әжені 90 жылдық мерейтойымен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек