Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызылордадағы сауда орталығының алдында белгісіз адам бір азаматқа пышақ жарақатын салып, өзі оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, хабарлама келіп түскен бойда қала аумағында болған қылмыс туралы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілген.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған, - делінген мәліметте.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қызылорда қалалық ПБ жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен 49 қылмыс ашылып, 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары