28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зауытты орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген.
Бүгінде зауыт пен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы аяқталып, қажетті жабдықтар толық орнатылған.
Осы кезде өндірістік жабдықтар іске қосылып, зауыт техникалық режимде жұмысын бастады.
Аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Жақын күндері ашылу рәсімі өтеді.
Зауыттың басты ерекшелігі – өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық жағынан да тиімді, яғни басқа кірпіш зауыттарындағыдай көмірмен күйдірмейді.
Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Жылына 90 миллион кірпіш өндіруге есептелген кәсіпорын толық іске қосылғанда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?