22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласы ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұрлық қылмысын ашты. Сол күні “102” арнасына қала аумағындағы ірі сауда үйінің бірінен жәбірленушіге тиесілі құндыз тонның ұрлағандығы жөнінде хабарлама тіркелді. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында қылмысқа күдікті, бұрын сотты болған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.
Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды. Жәбірленуші азаматша әлеуметтік желі арқылы бейнежазбамен криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев