Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар қылмыстың бұл түрін табыс көзіне айналдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел уәкілдер оларды “ІТ TERGEU” жобасы аясында құрықтаған. Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, “ізін суытпақ” болған кезде қолға түскен. Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны. Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашу арқылы үй ішіне заңсыз кірген. Содан ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 млн теңге.
Күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталған. Олардың өзге де осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады