2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу өтті. Жиында екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz
Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова қазіргі уақытта университет 170-тен астам шетелдік оқу орны, мәдени және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық байланыста екенін атап өтті. Бұл елдердің ішінде Корея Республикасы ерекше орын алады.
Университетте өткен кездесуде бюджет жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы, Кореяның ұлттық қаһарманы, генерал Хон Бом До қоғамының төрағасы У Вон Сик Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті инженерлік мектебінің филиалын кезең-кезеңімен ашу жоспарланғанын айтты.
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу Қызылорда облысының және жалпы еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен үлес қосады.
Кездесу барысында Кореядан келген делегация университет кітапханасындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар» бөлімінің қорымен танысты. Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова