20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі kritika.kyzylorda парақшасында оқырман қызыл кірпішті ақтап жатқанын айтып, шағымданған.
Жазбаға басқа да тұрғындар пікір білдіріп жатыр.
«Бояу үшін тендер жеңіп алған шығар», «Кірпішті неге бояп жатыр?», «Егер қала бюджетінде ақша болса, онда үйлердің шатырын жөндеңдер! Жаңбыр кезінде көптеген үй жүзеді», «Кейде шенеуніктердің қалай ақша жасап отырғанына қарап, таңғаласың» деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Қызылорда әкімдігі қалада ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік-көркемдік безендіру жүйесінде бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қала бойынша облыс орталығына бірыңғай сәулеттік көрініс беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ғимараттардың сыртқы қасбеті қандай болуы керегіне, олардың түсі, құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар, соның ішінде әр түрлі формадағы ғимараттардың қасбетіне жарнама орналастыру (олар бір биіктікте, бір деңгейде болуы керек) және т. б. постта көрсетілген үйді жөндеу демеушілердің есебінен жүзеге асырылады. Барлық сын-ескертпелер мердігерге жеткізіліп, бақылауға алынады, - деп жазды әкімдік қызметкерлері.
Сонымен қатар, әкімдік былтыр Қызылордада демеушілер есебінен 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті қайта жаңартылғанын жеткізді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?