Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚызылорда облыстық ҚАЖД бастығы бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев демалыс орнына отбасымен барған. Қайтуға жиналып жатқанда әйелдің бассейннен шыға алмай қалған баланы құтқаруды сұраған айқайлаған дауысын естіді.
Бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған Есенкелдиев бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шықты.
Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Бала көкпеңбек болып, демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел-жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жағдайын хабарласып біліп отырдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл бала тоғызыншы балам болады, - дейді ҚАЖД бастығы.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс