Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр, - деді министрлік БАҚ өкілдерінің ресми сұрауына.
Сондай-ақ осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.
Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Қызылорда қаласында мектеп оқушылары «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деген күдікке ілінді.
Бір топ жасөспірім 16 жасар қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады