Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыІшкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті. Бұл туралы Қазинформға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеліп жатыр.
Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар, – делінген министрлік жауабында.
Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.
Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы хабарлаған едік.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар