23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қызылордада мешітте ұйықтап жатқан наиб-имамның телефонын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, Ә. есімді азамат Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан наиб имамның телефонын жасырын жымқырып кеткен. Сол үшін полиция қызметкерлерімен ұсталып, пробация қызметінің есебіне алынды.
Оқи отырыңыз:
Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеді.
Қазіргі таңда қылмыскер жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.
Кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік отбасымның қасындамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынып, жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек, – деді есептегі азамат.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік