6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері күнделікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік тізгіндейтін жүргізушілерді анықтау жұмыстарын күшейтіп жатыр. Осы орайда патрульдік полиция қызметкерлері 19 қыркүйек күні жергілікті уақыт 05:05 шамасында өзінің басқаруындағы Toyota Hilux автокөлігін тоқтатқан. Оның масаң күйде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталды.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама рәсімделді.
Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлік айып тұрағына қойылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі