Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, оқиға өңір орталығында болған. Әккі ұры ұрлық жасауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген.
5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған.
Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргі таңда полицейлер жас жігіттің қала аумағында жасалынған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады