Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылып, ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы бейнекамералармен жұмыс атқару барысында женіл автокөліктің орталық көшелердің бойында қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққанын, сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсіне өткенін байқайды. Дереу бағыт-бағдар беріліп, автокөлік патрульдік полиция бекетімен тоқтатылды.
Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Осыған сәйкес құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) және 596 бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары