Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. Бұл осымен үшінші адам. Шиелі ауданының тұрғынынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы анықталды. Көз жұмғандардың тағы бірі осы ауданнан болса, енді бірі - жаңақорғандық.
Адамның ауруды жұқтыруы кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, ластанған медициналық құралдар арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан облыс тұрғындарын барынша сақтануға шақырамыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.
Жергілікті мамандардың айтуынша, жыл сайын облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп келеді.
Оқи отырыңыздар:
Биыл да кенеге қарсы күрес шаралары жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Қазіргі таңда қолайсыз елді мекендердегі тұрғын үй аумақтары мен мал қораларына кенеге қарсы ерітінді қолданылып жатыр. Облыс бойынша көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының орташа тиімділік көрсеткіші 97,2 пайызды құрады, - деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы" директорының міндетін атқарушы Бауыржан Садықов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?