Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚызылордада Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирге Бразилия, Қытай, Беларусь, Қарақалпақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстан сынды 11 елден 300-ге жуық балуан қатысты.
Ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан Қызылорда облысының басшылығына зор алғысын білдірді.
Бұл жарысты Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевтың жеңісіне арнау — өте құптарлық әрі көреген бастама. Себебі, Тайымбет атамыздай ерлердің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа үлгі ету — біздің борышымыз. Осындай игі шаралар жалғасын тауып, бұл жарыс дәстүрлі сипатқа ие болып, отандық спортқа жаңа сипат беруі тиіс, – деді комитет төрағасы.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс