Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысында күйеуінің ата-анасының атынан алаяқтық жолмен несие алған келіншекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1),4)-тармақтарымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Е. ұялы телефонындағы мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы мен енесінің ақпараттық жүйеден бейхабар екенін, қарттық жасын пайдаланып, бейнекамераға түсіру арқылы есепшоттарына заңсыз кіріп, ұялы телефонындағы «Halyk bank» мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы Ж.-ның атынан 4 626 167 теңге, енесі К.-нің атынан «Kaspi. kz» мобильді қосымшасы арқылы заңсыз кіріп, 2 190 000 теңге мүліктік несиелер рәсімдеп, оны ақшаға айналдырып, бас пайдасына жаратқан, - деп жазылған облыстық сот хабарламасында.
Нәтижесінде, жәбірленушілер Ж.-ға 4 626 167 теңге, К.-ге 2 190 000 теңге мүліктік шығын келтіргені белгілі болды.
Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, банктік анықтамалармен, аударым түбіртектерімен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген. Сотталушы Е. мен жәбірленушілер Ж. және К. арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған.
Басты сот талқылауында жәбірленуші Ж. сотталушы Е.-ден 4 626 167 теңге залалды өндіруді сұраған, ал жәбірленуші К. талап қоюдан бас тартқан.
Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.
Азаматтық жауапкер Е.-ден азаматтық талапкер Ж.-ның пайдасына 4 626 167 теңге өндірілген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?