15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚызылордада «Достық үйі» жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдегі жобалар мен жаңа орталықта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Аталған құрылым бүгінде халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды. Жаңа «Достық үйі» – аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат болады, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетейік, «Достық үйінің» жаңа ғимараты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады